eng.alemsaby.kz » News of program, "Alem" Participants Diaries » Merey Temyrkhanov, 19 years

Merey Temyrkhanov, 19 years


31 October 2013.
Merey Temyrkhanov, 19 years «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші қазақ атам, әрбір адамзат баласының кішкентайынан келе жатқан арманы, өмірде алға қойған мақсаты болады. Бірақ кез келген адам баласы қалаған арманына жете бермейді. Әрине, бұл өмірде еш нәрсе оңайлықпен келмейді. Біреулер арманына қажырлы еңбекпен, талаппен жетіп жатса , ал біреулердің армандары сол арман күйінде қалады. Менің де сол секілді өз арманым, өмірде көздеген мақсаттарым бар. Бірақ кез келген адамның арманы орындала бермейтіні хақ. Өзім кішкентайымнан есеп-қисапқа әуес болып өстім. Электроникаға, неше түрлі электрлік құрылғыларға, физикаға, ғылымға көңілім ауды. «Бап шаба ма әлде бақ шаба ма» дегендей бақ пен баптын да өмірде ролі ерекше. Әр түрлі себептерге байланысты арманым орындалмасқа кеткендей болды. Сол кезде Әсел Тасмағамбетқызының «Сәби» Қорының Әлем бағдарламасы туралы біліп, бағымды сынап көрдім. Сол кезде «Әлем бағдарламасы» менің алдағы болашақ өміріме деген көпірім болды десек те болады. Бағым жанып «Сәби» Фондының грант иегері атандым. Сол кезде қуанышымда шек болмады. Өмірге деген құлшынысым одан сайын арта түсті. Әлем бағдарламасы мені өмірге қайта әкелгендей болды. Осылай арманым мені Астана қаласына алып келді. Әсел Тасмағамбетова ханымның игі бастамасының арқасында мен Астана қаласындағы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінің» Энергетика факультетінің 2 курс студенті атандым. Осы грант мен үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе, Алла Тағаланың сыйы деп есептеймін. Кейде әлі күнге дейін өзіме сене алмаймын, Астана қаласының алдыңғы қатарлы ЖОО - ның бірінде оқып жатқаныма. Осы өзіме артылған сенімді тек қана өз біліміммен, жақсы оқуыммен, болашақтағы жетістіктеріммен ғана ақтаймын деп сенемін. Осындай Әсел Тасмағамбетова ханым бастаған бағдарламалардай жастарды мақсаттарына жеткізетін, өмірге деген құлшыныстарын оятатын, өмірге деген ұмтылыстарына демеп, қол ұшын беретін шаралар көптеп іске асырыла берсін!

go back