eng.alemsaby.kz » News of program, "Alem" Participants Diaries » Danagul BEREKET, 18 years
Danagul BEREKET, 18 years22 January 2014. |
![]() Нәтижесінде Білім грантын иеленіп, білімнің қарашаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультетінің студенті атандым. Қазақ журналистикасының майталмандары түлеп ұшқан біздің факультетте білім алуға барлық жағдай жасалған. Телерадио студиялары кәсіби аппараттармен жабдықталған. Университет көлеміндегі «Әл-Фараби радиосы» мен «Әл-Фараби арнасы» радиохабарлары мен телебағдарламалары студенттердің шығармашылығынан туындаған жобаларды жарыққа шығарады. Бұл теориялық білімімізбен қатар практикалық тәжірибемізді толықтыруға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, ҚазҰУ қалашығында орналасқан Әл-Фараби кітапханасы, Интернет орталығы, тамақтандыру комбинаты, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы – үнемі қарбаласта жүретін біздер үшін қолжетімді әрі уақыт жоғалтпауға қолайлы. Белсенді студенттер үшін ҚазҰУ Студенттер Сенаты ұйымы, «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы жастарды өз қатарына қабылдап, қызықты шараларды ұйымдастырып, қалашық тұрғындарына позитив сыйлайды. Дәл осындай Қазақстандағы беделді оқу орнында оқуыма мүмкіндік беріп, еліміздегі шет ауыл-аймақтарда тұратын жас дарындарға қолдау танытып, бүгінде отандас жастарға шет елдерінде білімін жалғастыруға жол ашып берген «Сәби» қорының үлесі зор. Осы қайырымдылық үшін «Сәби» ЖҚҚ-ның Президенті Әсел Тасмағамбетқызына алғысымды білдіремін. Болашақ жас Әлемдіктерге қол жеткізе алатыныңа сенсең, бағындырмайтын асу болмайды. Қажырлы еңбек пен өзіңе деген нық сенім ғана серігің бола алады дегім келеді. go back |