Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Alem | The support program of young talents
Home icon
News of program » Danagul BEREKET, 18 years

Danagul BEREKET, 18 years

 
Danagul BEREKET, 18 years Көздеген мақсатына қарай батыл қадам жасай білген адамның алдынан қашан да жеңістер тосып тұратынына менің көзім жетті. Өзім армандаған жоғары оқу орнының студенті атану мен үшін үлкен жетістік болды. Талапкер атанып, ҰБТ-ға дайындалып жүргенімде «Сәби» Жеке қайырымдылық қорының «Әлем» Жас дарынды қолдау бағдарламасы ұйымдастырған жас ақындар мүшәйрасына қатысып, бағымды сынап көрдім.

Нәтижесінде Білім грантын иеленіп, білімнің қарашаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультетінің студенті атандым. Қазақ журналистикасының майталмандары түлеп ұшқан біздің факультетте білім алуға барлық жағдай жасалған. Телерадио студиялары кәсіби аппараттармен жабдықталған. Университет көлеміндегі «Әл-Фараби радиосы» мен «Әл-Фараби арнасы» радиохабарлары мен телебағдарламалары студенттердің шығармашылығынан туындаған жобаларды жарыққа шығарады. Бұл теориялық білімімізбен қатар практикалық тәжірибемізді толықтыруға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, ҚазҰУ қалашығында орналасқан Әл-Фараби кітапханасы, Интернет орталығы, тамақтандыру комбинаты, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы – үнемі қарбаласта жүретін біздер үшін қолжетімді әрі уақыт жоғалтпауға қолайлы. Белсенді студенттер үшін ҚазҰУ Студенттер Сенаты ұйымы, «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы жастарды өз қатарына қабылдап, қызықты шараларды ұйымдастырып, қалашық тұрғындарына позитив сыйлайды.

Дәл осындай Қазақстандағы беделді оқу орнында оқуыма мүмкіндік беріп, еліміздегі шет ауыл-аймақтарда тұратын жас дарындарға қолдау танытып, бүгінде отандас жастарға шет елдерінде білімін жалғастыруға жол ашып берген «Сәби» қорының үлесі зор. Осы қайырымдылық үшін «Сәби» ЖҚҚ-ның Президенті Әсел Тасмағамбетқызына алғысымды білдіремін.

Болашақ жас Әлемдіктерге қол жеткізе алатыныңа сенсең, бағындырмайтын асу болмайды. Қажырлы еңбек пен өзіңе деген нық сенім ғана серігің бола алады дегім келеді.
 
Publication date: 22 January 2014 | Views: 1243
Share to Google + Share to Twitter Share to Facebook Share to Одноклассники Share to Мой Мир Share to ВКонтакте