Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Alem | The support program of young talents
Home icon
News of program » Zhuldyz Abil, 17 years, Aktobe region

Zhuldyz Abil, 17 years, Aktobe region

 
Zhuldyz Abil, 17 years, Aktobe region Пенде баласы шыр етіп, дүниеге есігін ашып, өсіп, ер жеткен соң, небір қиындыққа тап болары ақиқат. Бұл, әрине өмірдің заңдылығы. Не істерін білмей дал болған талантты жандарға, қол ұшын созатын бұл «Әлем» бағдарламасы менің өмірімді өзгертті. «Сәби» Қорының арқасында қазіргі таңда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Журналистика» факультетінің 1-ші курс студенті атандым. Әлі де болса, қуанышым қойныма сияр емес, өйткені, бұл грантты жеңіп алудың өзі үлкен мәртебе деп есептеймін. Осындай игі істі өмірге әкелген Әсел Тасмағамбетова ханымның еңбегі өлшеусіз! Болашақта «әлемдіктер» саны көбейіп, елім деп еміреніп, айбынды алаштың туын биік ұстайтын білімді де, білікті, талантты да, дарынды, зеректі де, зерделі бәсекеге қабілетті ұлт жанды азаматтарымыз бен азаматшаларымыз көп болғай! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына бір жүрегімнен шыққан жыр шумақтарымен тәмәмдаймын...

Қиындықтың шырмауына тускенде,
Жолықтым ғой үлкен сынақ өткелге.
«Өмір»атты үлкен керуен алдымда,
Қасқайып-ақ қарсы тұрып беттер ме?,
Бәрі бірдей қатал емес,
Жаны жомарт жандар бар.
Мейірімді, шапағатты
Тәңіріне қараған бұл адамдар.
Алғысымыз шексіз біздің бәріңе,
Қол ұшында созар тіпті,
Үлкен-кіші кәріңе!
Әлемдіктер биік шыңнан көрінсе,
Әсел ханым! тек сіздің,
Арқаңыз ғой бәрі де!
Жасасын игі ісініз асылдарға,
Жетелеп жас дарынды асуларға.
Бұл «Әлем» мұнарасын тұрғызса екен,
Өшпестей ғасырдан ғасырларға!
 
Publication date: 6 February 2013 | Views: 1250
Share to Google + Share to Twitter Share to Facebook Share to Одноклассники Share to Мой Мир Share to ВКонтакте