Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Alem | The support program of young talents
Home icon
News of program » Akzharkyn Mutieva, 17 years, Atyrau region

Akzharkyn Mutieva, 17 years, Atyrau region

 
Akzharkyn Mutieva, 17 years, Atyrau regionКөңілімдегі көрікті ой.....
Кей кездері адам өміріндегі күтпеген тосын сыйлар, таңғажайып жаңалықтар жанға керемет әсер, шуақты қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Дегенмен осынау қамшының сабындай қысқа ғұмырда өміріңе қуат, көңіліңе шуақ сыйлайтын ғажап сәттердің жиі кездеспейтіні өкінішті. Алайда, осынау төрткүл әлемді қос жанарыңмен шарлап, сана сезіміңмен ұғынатыныңа шексіз разы боласың.

Иә, бақыт деген өмірің, саулығың, жанашыр адамдардың амандығы, мейірімді лебіздері. Мен үшін бұл өмірде мұнан артық бақыт тілеп, шарқ ұрудың керегі жоқ. Жаны жайсаң жандар жаныңнан табылып жатса өзге бақыттың керегі не?

Өмірдің татымын толық сезініп көрмесек те, біз бүгінде қоғамның бір мүшесі болып саналатын белсенді де жалынды жастардың санатындамыз. Осы кезеңге дейін талай жеңісті де бағындырып, жетістіктерге де қол жеткізіп, кейде ағаттықпен жаңылысып кететін кездер де жолығып жатты. Алайда өмірге деген құштарлық, талпыныс, ізденіс үнемі алға жетелеп отырды.

Осындай өмірімдегі ең елеулі сәттерде алдыңнан жүзі жылы, жүрегі кең, жайсаң жандардың жолығып жатқаны көңіліңе медеу сыйлайды.

Менің алға қойған арман, мақсаттарыма жетуіме көмек қолын созып, қолдау көрсеткен, барша дарынды, білімді, өнерлі жас өрендерге дем беріп, көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген «ӘЛЕМ» дарынды жастарды қолдау бағдарламасына арналған «СӘБИ» Қорына айтар алғысымыз шексіз. «СӘБИ» Қорының көпшіліктің көзайымына айналып, дарынды, озат жастардың жүрегінен жол тауып, жарқын бағдар беріп, армандарына қол жеткізуіне аянбай тер төгіп келе жатқаны белгілі.

Алдымен мен осындай жүзі жылы, мейірімі мол жандардың ұжымы «СӘБИ» Қорымен қалай танысқаным жөнінде кішкене сырыммен бөліскім келіп отыр. Мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындап жүргенімізде талай жарыс, сайыс, шығармашылық жоба секілді ой танымдық шараларға жиі қатысатынбыз. Әрине бағыт бағдар беретін аяулы ұстаздарымыз болды. Сондай бір өмірімдегі ең елеулі сәттердің бірі мектебімізге Алматы қаласынан «Алем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының жұмыс жоспарымен, жетістіктерімен, алға қойған мақсаттарымен таныстыруға «СӘБИ» Қорының жұмыскері келуі жарқын жетістіктерге жетуіме себепші болды. Өздерінің келген мақсатымен, жұмыс жоспарымен таныстырып, бәрімізге сайыс шарттары, талаптары, міндеттері жазылған ақ парақтарды таратқан болатын. «СӘБИ» Қорының көпшілікке үміт сыйлап, армандарын ақиқатқа айналдыруға септігі тиіп, дарынды, білімді жастардың алғысына бөленіп, білікті маман, шығармашылық иесі болуына қолдау көрсеткені туралы баяндаған пікірі бәріміздің жүрегімізді жылытты. Мектебімізде көптеген дарындылар, өнерлілер, бишілер, күйшілер бар болатын. Барлығы да өз өнерлерін сынап көрмекке бел буып, сол жерде ақ өз өнерлерімен тамсандырып жатқандар да көп кездесті.

Мен де өз талабымды ұштап, талантымды сынау үшін сайысқа қатынасу үшін жыр туындыларымды жинақтадым. Онлайн режимі бойынша І тур сауалнама, яғни талапкермен толығырақ танысу, өнері, қызығушылығы, жеткен жетістіктері, көзқарастары жөнінде ашық әңгімелеу бағыты бойынша өзім туралы жалпы мағлұматтарды жібердім. Көп кешікпей ІІ турға өткендігім жөнінде хабарлама келді. Сөйтіп, сәті түсіп, ІІ турдың берілген тапсырмаларын тиянақты орындауға тырыстым. Әрине, мен секілді талабын ұштау үшін сайысқа түскен талапкерлер саны көп болды. Барлығы да жеңіске лайықты болды. Алайда, жүрекжарды туындым сайыс ұйымдастырушыларының, сарапшылардың көңілінен шығып, өнерімді шынайы бағалап, БАС ДӘРЕЖЕЛІ орынды ұсынды. Сол кезде менен артық бақытты жан болмады. Мұндай жетістікке жету мен үшін өте үлкен бақыт болатын. Мен үшін ата анам, туыстарым, достарым, мектеп ұжымы да шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақ жол тілеп жатты. Сонымен қатар, сайыс жеңімпазы атанғандықтан, ноутбукты сыйға тартты. Бұл менің ең алғашқы жеткен жетістігім болатын. Әрине, аудандық, облыстық көлемде жүлдегер атанып жүрсем де, республика көлемінде бағымда сынаған алғашқы қадамым болғандықтан жүрегімде мәңгілікке сақталып қалған болатын.

Сөйтіп, «СӘБИ» ұжымымен үнемі онлайн режимде хабар алысып, үздіксіз жыр туындыларымды жіберіп отырдым. Көп кешікпей мектеп өмірімен де қоштасатын сәт таяды. Алдымызда үлкен сынақ Ұлттық Бірыңғай Тестілеу кешені тұрды. Мектепті үздік аяқтап, «Алтын белгі» иегеріне ұсынылдым. Алайда, сәл ғана ұпай саны жетіспеушілігіне байланысты «Алтын белгімді» ақтай алмай, қатты өкпелеген болатынмын. Өйткені, маған ата анам да, мектеп ұжымы да, достарым да сенім артқан болатын. Маған өте ауыр тиді. Алайда, болашақта университет қабырғасында үздік білім алып, белсенді студент атанып, оқуымды үлгілі аяқтауға уәде еттім. Сонымен, бесінші пән ретінде география пәнін таңдағандықтан, мамандығым тікелей экономика саласымен тығыз байланыста болды. Алайда, бұл салаға бөлінген грант саны тым аз болатын. ҰБТ дан сәл ғана ұпайым жетпей қалғанына байланысты, мемлекеттік гранттан да үмітім аз болды. Бірақ та, алдымнан жаны жайсаң, жүздері жылылыққа толы жайдары жандардың ұжымы «СӘБИ» қорының қолдау көрсетуімен, оқу грантына ие болдым. Осындай жаның жабырқап, мұңайған шақтарында демеу болған жомарт жандардың жасаған жақсылықтарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әсіресе, «СӘБИ» қайырымдылық қорының Президенті Тасмағамбетова Асель Иманғалиқызына айтар алғысым шексіз.

Оқу грантына иегер болғандықтан, бүгінде өзім таңдаған экономика саласы бойынша Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Экономика және Жоғары Бизнес факультеті, «Есеп және аудит» кафедрасының І курс студенті атанып, университет қабырғасында сапалы білім алып келемін. Осы Университет Қазақстан бойынша алдыңғы орындардан көрініп, әлемдік білім деңгейімен бәсекеге түсе алатын, нағыз білікті мамандар даярлайтын, санатты кадрлар қызмет атқаратын білім ордасы екені сөзсіз. Бұл менің де, ата анамның да абыройлы мақтанышы. Алдағы уақытта да, баршаның ақ сенімдерін ақтап, үлгілі оқып, озат атануым үшін аянбаймын деп уәде беремін.

Осындай жетістіктерге қол жеткізген «СӘБИ» қорымының ұжымына шын жүрегімнен шығармашылық жетістіктер, толағай табыстар, сәтті қадамдар, сондай ақ баршаның көңілінен жол тауып, ыстық ықыласына бөлене берулеріңізге тілектеспін. Сіздерге деген шынайы сезімімді жүрекжарды жыр жолдарымен жеткізгім келіп отыр.

«Сәби» қайырымдылық қорына

Шалқар шабыт басын иіп құзырыма
Еніп кеттім мен де жырдың қызығына.
Құрметіне бөленген талай жанның
Алғыс айтам «ӘЛЕМ» «СӘБИ» ұжымына!

Қолдау беріп балғындарға, дарындыға
Қайрат сыйлап арыны асқақ жалындыға.
Жақсылыққа жаны құмар жанашырлар,
Талай шыңды жүріңдерші бағындыра!

Жаны жайсаң жанашырлар, қолың ашық,
Жатсын дәйім шарапатың тамырласып.
Ұзақ жасап жүріңдерші күлім қағып,
Біздей балғын талапкердің жолын ашып.

Әр күніміз арай төгіп, атсын аман,
Көрінеді қай жерде де жақсы адам.
Жетістігің жетелесін биік шыңға
«Сәби» қоры дәйім сізге сәтті қадам!
 
Publication date: 15 March 2013 | Views: 1315
Share to Google + Share to Twitter Share to Facebook Share to Одноклассники Share to Мой Мир Share to ВКонтакте