Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Alem | The support program of young talents
Home icon
News of program » Aikorkem Bagytova, 18 years

Aikorkem Bagytova, 18 years

 
Aikorkem Bagytova, 18 years Өмір - ол әр түрлі белестерден тұратын ұзақ жол. Адам- оның жолаушысы. Ал,бақыт сол жолаушыларға берілген әр түрлі мүмкіндік. «Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын, арт жағы мұңға жуық» - деген екен Абай атамыз. Сол секілді өмірде сан алуан жағдайлар болып жатады. Міне, сондай кезеңді менде басымнан кешкен болатынмын. Бар арманым көкке ұшқандай болды. Өзімді ешкімге керексіздей сезіндім. «Енді не істесем болады? Болашағым не болмақ?» деген сұрақтар жадымнан кетпей қойды. Содан ойлана келе «Сәби» Қорына хат жазуды ұйғармақ болдым.

Қордың жұмыскерлері менің бұл грантқа өткенімді хабарлағанында қуанышым қойныма сыймады. Сол кезден бастап өмірім өзгергендей болды. Менің қуанышыма ортақтасып қуанғандар да болды,бірақ қоштамағандары да аз болған жоқ. Содан «Сәби» Қорының арқасында өзім армандаған қаламда,өзім қалаған мамандығыма оқуға түстім. Қазірде Ел ордасы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 1-курста оқып жатырмын. Әр түрлі іс-шараларға қатысып тұрамын. Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен болған 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген танымдық-шығармашылық іс-шараға қатысып, университет қабырғасындағы алғашқы «Мадақтама» мақтау қағазымен марапатталдым.

Елбасымыздың қолдауымен болған Жас Отан «Жастар Қанатының» ІІ съезіне қатыстым, өте жақсы әсер алдым. Соны ескере отырып, біздің ректорымыз, Ақылбек Қажығұлұлы, университетімізден «Жас Отан» филиалын ашып берді. Міне, мен соның мүшелігіне өтіп, өз факультетімнің төрайымы болып сайландым. Жақын арада ата-ананың жылуына зәру кішкентай бүлдіршіндерді қуантқалы балалар үйінде шағын сазды бағдарламамен бармақшымыз. Сонымен қатар,факультетімнің «Жастар ісі жөніндегі комитеттің» мүшесімін. Менің жеңістерім мен жетістіктерім әлі алда деп ойлаймын. Ал,бұл грант болмағанда көптеген жетістіктерге жетер ме едім?! Қиындықта қол ұшын созар осындай асыл жандар барына қуанамын. Әсел Тасмағамбетова бастаған «Сәби» Қорының ұжымына алғысым шексіз!

Келешекте «Әлемдіктер» саны көбейіп, қазақтың туын көкке көтеретін, сіздердің үміттеріңізді ақтайтын білімді, ақылды, талантты жастар саны арта берсін!

Ізгі ниетпен,
Айкөркем Бағытова, 18 жас, Атырау облысы, Махамбет ауданынан
 
Publication date: 3 April 2013 | Views: 1284
Share to Google + Share to Twitter Share to Facebook Share to Одноклассники Share to Мой Мир Share to ВКонтакте