Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/eng.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Alem | The support program of young talents
Home icon
News of program » Tlepbergenov Berik, 19 years

Tlepbergenov Berik, 19 years

 
Жас таланттардың болашағы – сенің қолыңда!

Tlepbergenov Berik, 19 years Қамшының сабындай ғана қысқа, әрі жалған дүниеде адам баласы сан түрлі белестерді бастан өткізеді. Біреулерінің өмірінде таңғажайып оқиғалар мен күтпеген тосын сыйлар кездесетіні сөзсіз, ал кейбір жандар үшін бұл орындалмас қиял ғана. Міне, сондай кезеңді мен де басымнан кешкен болатынмын.

Мектеп оқып жүрген кезімде көптеген шараларға белсене араластым және де біршама жарыстарға қатысып, біраз жетістікке де қол жеткіздім. Сондай-ақ, кейде ағаттықпен қателесіп кететін кездер де болып жатты. Бірақ, мына өмірге деген құштарлық пен ізденіс үнемі жанымнан табылып, мені алға жетелеп отырды. Өмірімізде болып жатқан мұндай ең елеулі сәттерде жаныңнан жүрегі жылы, жүзі ашық кереметтей жандардың табылып жататыны көңіліңе қуаныш сыйлайды.

Алға қойған арман-мақсаттарымның орындалуына себепкер болып, қолдау көрсеткен «Сәби» қайырымдылық қорының «Әлем» жас дарындарды қолдау бағдарламасына айтар алғысым шексіз. Жалпы бұл «Әлем» атты бағдарламаның талантты да дарынды жастардың жүрегінен орын алып, дұрыс бағыт-бағдар беріп,аңсаған армандарына қол жеткізуіне жоғары дәрежеде жұмыстанып келе жатқаны белгілі.

Маған көмек ретінде грант-стипендия тағайындағаннан күннен бастап алдымнан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Мен қазіргі таңда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінін металлургия мамандығы бойынша 2-курс студентімін. Әр түрлі іс-шараларға ойдағыдай ат салысып жүрмін.

Осындай толағай табыстарға қол жеткізген «Сәби» қайырымдылық қорының ұжымына шығармашылық табыстар және баршаның жүрегіне жылу сыйлап,ыстық ықыласына бөлене берулеріңізге тілектеспін.Әсіресе, осындай игі бастаманы өмірге әкелген осы қайырымдылық қорының Президенті Тасмағамбетова Әсел Иманғалиқызына айтар алғысым шексіз.

Болашақта «әлемдіктер» қатары көбейіп, Қазақ елінің көк байрағын төрткүл әлемге танытатын білімді де білікті,батыр да батыл,талантты да ұлтжанды жастарымыз көбейе берсін!
 
Publication date: 15 July 2013 | Views: 1151
Share to Google + Share to Twitter Share to Facebook Share to Одноклассники Share to Мой Мир Share to ВКонтакте