News of program, "Alem" Participants Diaries » Zhuldyz Abil, 17 years, Aktobe region |
|
6 February 2013 | Views: 1250 Пенде баласы шыр етіп, дүниеге есігін ашып, өсіп, ер жеткен соң, небір қиындыққа тап болары ақиқат. Бұл, әрине өмірдің заңдылығы. Не істерін білмей дал болған талантты жандарға, қол ұшын созатын бұл «Әлем» бағдарламасы менің өмірімді өзгертті. «Сәби» Қорының арқасында қазіргі таңда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Журналистика» факультетінің 1-ші курс студенті атандым. Әлі де болса, қуанышым қойныма сияр емес, өйткені, бұл грантты жеңіп алудың өзі үлкен мәртебе деп есептеймін. Осындай игі істі өмірге әкелген Әсел Тасмағамбетова ханымның еңбегі өлшеусіз! Болашақта «әлемдіктер» саны көбейіп, елім деп еміреніп, айбынды алаштың туын биік ұстайтын білімді де, білікті, талантты да, дарынды, зеректі де, зерделі бәсекеге қабілетті ұлт жанды азаматтарымыз бен азаматшаларымыз көп болғай! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына бір жүрегімнен шыққан жыр шумақтарымен тәмәмдаймын... |